$ 512.81  604.19  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:13
Қоғам

Алматы дәрігерлері күніне 10 энергетик ішкен жас жігіттің жүрегін ауыстыруға мәжбүр болды (ВИДЕО)

Науқасқа донордың жүрегі салынды

Алматы дәрігерлері күніне 10 энергетик ішкен жас жігіттің жүрегін ауыстыруға мәжбүр болды (ВИДЕО)
Фото: ДСМ

Алматы қалалық кардиохирургия орталығының дәрігерлері орталық тарихында алғаш рет адамның жүрегін ауыстырды. Науқас – 34 жастағы қала тұрғыны, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Операциядан кейін бүгін үйіне шығып жатқан жас жігіт жүрегі энергетиктерден кейін сыр бере бастағанын ашық айтқан.

«Ауруымның бәрі энергетиктерден басталды. Басында күніне 1-2 дана ішіп жүрдім, кейін олардың әртүрінен күніне 10 бөтелке іштім. Менің қателігімді қайталамаңыздар. Менің өміріме араша түскен дәрігерлерге айтар алғысым шексіз», - дейді науқас.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, науқас донор кезегінде тұрған. Операция бес сағатқа созылған.

«Науқасқа «терминалды созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған». Ол  жүрек трансплантациясының кезегінде тұрған еді.  Жүрек трансплантациясының операциясы бес сағаттан астам уақытқа созылды және сәтті аяқталды. Трансплантацияны Алматы қалалық кардиологиялық орталығының мультидисциплинарлық командасы University Medical Center (Астана) бірлесе отырып, ҚКО директоры Ермағамбет Қуатбаев пен UMC КФ басқарма төрағасы, профессор Юрий Владимирович Пя басшылығымен орындады. UMC командасы әріптестерін қолдау үшін Алматыға жедел келді», - деп хабарлайды ДСМ-ның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары