26.12.2025, 15:28
Қоғам
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы бұзылып, жолдар жабылды
Арасында халықаралық трассалар бар
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Бүгін, 26 желтоқсан күні түскі сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, оңтүстік өңірлердің жолдары жабылып отыр.
Жамбыл облысында мына жолдар кешкі 18.00-ге дейін жабылды:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).
Түркістан облысының да біраз аймақтарында жол жабылған:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).
Ауа райы тұрақтанса, жолдар кешкі сағат 18:00-де ашылады.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды