$ 512.81  604.19  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:12
Қоғам

Қазақстандағы студенттердің жартысынан көбі – қыздар

Елімізде 678 мыңнан астам студент бар

Қазақстандағы студенттердің жартысынан көбі – қыздар
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы студенттердің саны, жасы және біліміне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, елімізде 116 университет бар. Ондағы студенттердің жалпы саны 678 мың адамнан асады. Осы 678 мың студенттің жартысынан көбі, яғни, 52,5% – қыздар.

«Биыл оқуға түскен студенттердің көбі педагогика ғылымдарын таңдаған – 25,4%. Екінші орында инженерлік, өңдеу және құрылыс саласының болашақ мамандары, үшінші орында - бизнес, басқару және құқық мамандары», - деп жазылған статистикада.

Сондай-ақ, Ұлттық статистика бюросы студенттердің жасына қатысты ақпарат берген. Студенттердің көбі, яғни, 69,5% - 17-20 жастағы студенттер. Бұдан өзге, 25 студенттің жасы небары 15-те болса, 40 жастан асқан студенттердің саны 11 мыңнан асқан.

Серіктес жаңалықтары