$ 511  602.72  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:46
Қоғам

«Жаңа жылға дейін көп зейнетақы түседі»: Еңбекмин қарияларға шұғыл ақпарат таратты

Құзырлы орган фейк-ақпарат тарағанын мәлімдеп отыр

«Жаңа жылға дейін көп зейнетақы түседі»: Еңбекмин қарияларға шұғыл ақпарат таратты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан фейк-ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, қазір 2026 жылдың қаңтар айына арналған зейнетақы 30 желтоқсанға дейін әрі келесі жылғы өсімді ескере отырыптүседі деген фейк-ақпарат тарап жатыр.

«Зейнетақы мен жәрдемақылар өз кестесіне сай төленетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2026 жылдың қаңтар айында төленеді», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық төленіп қойған. Еңбек министрлігі зейнеткерлерге зейнетақыны ерте аударамын деген адамдарға код айтпауды ескертіп отыр.

Серіктес жаңалықтары