$ 510.18  601.91  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:24
Қоғам

«Алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету міндеті тұр»: министр ет экспортын шектеу туралы айтты

Сиыр етінің бағасы тұрақталды дейді ол

«Алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету міндеті тұр»: министр ет экспортын шектеу туралы айтты
Фото: istockphoto.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ірі қара мал етін экспорттауға шектеу енгізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өздеріңіз білесіздер, экспортқа тыйым салынған жоқ, тек 13 мың тонна көлемінде квота белгіленді. Бұл квота нақты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінеді. Яғни, мал өсіруден бастап, союға және қайта өңдеуге дейінгі толық өндірістік циклі бар кәсіпорындарға, жай ғана алыпсатарларға емес — бұл өте маңызды мәселе. Бұйрық жобасы үш ай мерзімге қаралуда, және осы тетікті ұзарту жоспарланып отыр», - деді Шаққалиев Мәжіліс кулуарында.

Министрдің айтуынша, бұл шаралардың барлығы ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазір сиыр еті бойынша баға тұрақталды. Біз делдалдар, жәрмеңкелер бойынша ауқымды шаралар жүргізіп жатырмыз. Бізде ең алдымен ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ету міндеті тұр», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары