$ 511  602.72  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 15:11
Қоғам

Ет, қызанақ, қияр: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі уақытша кеңейтіледі

Бұйрық күшіне енгеннен кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке тағы 14 өнім қосылады

Ет, қызанақ, қияр: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі уақытша кеңейтіледі
Фото: istockphoto.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кеңейтілген тізімі туралы бұйрыққа бүгін қол қояды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі уақытша кеңейтілетінін атап өтті. Қазір бұл тізімге тұрақты 19 өнім кіреді, ал кеңейтілгеннен кейін тауар түрлері 33-ке дейін ұлғаяды. Оның ішінде қияр, қызанақ, жылқы еті де бар.

«Әрине, сауда желілері тарапынан белгілі бір алаңдаушылық бар. Олар логистиканың өзгеруі, тасымал шығындарының өсуі сияқты мәселелерді алға тартып отыр. Дегенмен, біз олармен келісімге келдік. Біріншіден, бұл — уақытша шара. Неге десеңіздер, президенттің тапсырмасына сәйкес, бағаларды тұрақтандыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспары әзірленген. Сол жоспар аясында біз сауда желілерімен бірлесе отырып, маржиналдық, баға өсімі қанша болуы керек екенін есептедік», - дейді ол Мәжіліс кулуарында.

Министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кеңейтілген тізімі туралы бұйрыққа бүгін қол қоятынын айтты.

«Бүгін мен бұйрыққа қол қоямын, ол келесі жылғы 6 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл шара бір тоқсанға енгізілгелі отыр. Егер динамика сақталса, бұйрықтың қолданылу мерзімін ұзартамыз», - деді Шаққалиев.

Министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қосылатын үстеме 15 пайыздан аспайтынын атап өтті.

Айтуынша, үй маңындағы шағын дүкендер де бақылауға алынады.

«Бұл талап барлық сауда субъектісіне қатысты», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары