$ 510.18  601.91  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:50
Қоғам

Қазақстанда бір компания он жыл ішінде мемлекеттен 17 млрд теңге көмек алған

Ол әртүрлі операторлардан үздіксіз ақшалай қолдау алып келген

Қазақстанда бір компания он жыл ішінде мемлекеттен 17 млрд теңге көмек алған
Фото: istockphoto.com

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов бір кәсіпорынға қайта-қайта бюджеттен қаржылай көмек көрсетуді тоқтату керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудит кезінде бір кәсіпорынның бірнеше оператордан, әртүрлі қолдау құралдары арқылы ұзақ жылдар бойы үздіксіз қаржылық қолдау алған жағдайлары анықталған.

«Мысалы, «Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 19 қолдау құралы арқылы он жыл бойы 17 млрд 11 млн теңге сомасына үздіксіз қаржылық қолдау көрсетілген. «Актеп» ЖШС – 13 қолдау құралы арқылы 10 жыл бойы 11 млрд 679 млн теңге сомасына қолдау алған. «Полтри Агро» ЖШС – 2019 жылғы мамырда құрылған. Ал 2020 жылдан бастап 4 жыл бойы жеті қолдау құралы арқылы 2 млрд 932 млн теңгеге үздіксіз қаржылық қолдау көрсетілуде», - дейді Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұған қоса, депутаттың айтуынша, бұл кәсіпорындар салық жеңілдіктерін де пайдаланған. Яғни инвестициялық келісімшарт негізінде импорт кезінде қосылған құн салығын және кедендік әкелу бажын төлеуден босатылған.

«Сондықтан бір субъектіге қайта-қайта бірнеше мемлекеттік қолдау түрін көрсетуді тоқтату керек», - деп мәлімдеді мәжілісмен.

Серіктес жаңалықтары