$ 510.18  601.91  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:01
Қоғам

Павлодарда жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған

Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тиімділігіне аудит жүргізілген

Павлодарда жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының ресми сайты

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету барысында бірқатар жүйелі кемшіліктер анықталды. Аудит жекелеген жобаларда қаржыландыру көлемінің асыра көрсетілгенін, қарсы міндеттемелердің формалды белгіленгенін және қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылау тетіктерінің әлсіз екенін көрсетті. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, аудит кезінде жекелеген жобалар бойынша қаржыландыру көлемі асыра көрсетілгені анықталған. Шығыстар жеңілдікпен берілетін кредиттің мақұлданған сомасына сәйкес келтірілген.

«Құқықтық тұрғыдан қарасақ, талап етілетін жобалық құжаттама бар, кредиттер өтелуде. Алайда артық қаражат басқа жобаларға бағытталуы мүмкін еді. Құнын дұрыс есептемеу салдарынан тек бір жоба бойынша 20 млрд теңге немесе қарыз сомасының 16%-ы игерілмей, күші жойылған. Мемлекеттік қолдау көрсетілген кезеңде кейбір бизнес субъектілері меншік иелеріне дивидендтер төлеген жағдайлар анықталды. Бұған шектеу қарастырылмаған. Алайда мемлекеттік қолдау сомасынан асатын мөлшерде дивидендтердің төленуі алаңдатады», - дейді Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұған қоса, жобаларды қаржыландыру кезінде қаражатты түпкілікті алушыларға жеткізу процесі де баяу жүрген. Кейбір жобалар бойынша қарсы міндеттемелер формалды сипатта болған.

«Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар үшін қарсы міндеттемелер белгіленуі тиіс. Олар орындалмаған жағдайда қаражат қайтарылуы қажет. Алайда мұндай міндеттемелер барлық жерде көзделмеген. Салдарынан, мысалы, Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған. Жекелеген жағдайларда оңай орындалатын қарсы міндеттемелер белгіленген. Мысалы, 37 млрд теңгеге қолдау көрсетілген бір жоба бойынша салықтардың өсуінен бөлек, жұмыскерлер штатын 1 адамға ғана ұлғайту талап етілген», - дейді ЖАП төрағасы.

Айтуынша, қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылау көбіне қолмен жүргізіледі. Ал бұл қарсы міндеттемелерді орындау бойынша деректерді манипуляциялауға мүмкіндік береді. Операторлардың көпшілігінің қызметінде міндеттемелерді сақтамағаны үшін айыппұл санкцияларын қолдануда субъективті көзқарас басым, деп атап өтті Смайылов.

Серіктес жаңалықтары