$ 511  602.72  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:30
Қоғам

Мемлекеттен көмек бар, бірақ нәтиже әлсіз: ЖАП 14 материалды құқық қорғау органдарына тапсырады

Мемлекеттің кәсіпкерлерге берген 1 теңгесі бюджетке 1 теңге болып қайтпай отыр

Мемлекеттен көмек бар, бірақ нәтиже әлсіз: ЖАП 14 материалды құқық қорғау органдарына тапсырады
Фото: istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палата кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізген. Тексеріс кезінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны және қаржылық есептің бұрмаланғаны, мемлекеттік қолдаудың қайтарымы төмен екені анықталды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

ЖАП төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, мемлекеттен қаржылық қолдау алған жобалардың 64%-ында салық көлемі артқан. Бұл бір қарағанда жақсы нәтиже сияқты. Бірақ өсімнің бәрі мемлекеттік қолдаудың арқасында емес. Оның үстіне, мемлекет салған қаржы өзін толық ақтамай отыр, бюджетке кері қайтарым жеткіліксіз.

«Мәлімделген өндіріс іске қосылмай, жабдық әлі де қаптамада болса да, төленген салық көлемі артқан жобалар бар. Мұны кәсіпкердің қолдау шараларын алғанға дейін ретке қойған қызметімен түсіндіруге болады. Қаржылық емес шаралардың әсерін ешкім есептемейді және бақыламайды.  Олардың құны мемлекет үшін бәсекелес нарықта кеңінен ұсынылған ұқсас қызметтерден бірнеше есе қымбатқа түседі. Жалпы, мемлекеттік қолдаудың 1 теңгесіне төленген салықтардың көлемі негізінен 1 теңгеден кем келеді», - дейді Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Жалпы мемлекеттік аудит кезінде 133 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 132 млрд теңгеге қаржылық есептің бұрмаланғаны, 13 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталған.

«14 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 105 материал жолданды. Әрбір анықталған кемшілік бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді, олардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады», - деп мәлімдеді ЖАП басшысы.

Серіктес жаңалықтары