24.12.2025, 10:27
Қоғам
Астанада полицейлер мен балалар қар атысып ойнаған (ВИДЕО)
Бұл видеоны халық жылы қабылдаған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кішкентай балалармен қар атысып ойнап, халықтың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Патрульдік полиция видеоны әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жүктегені сол еді, астаналықтар әдемі сәттерді елеусіз қалдырмай, таратып жатыр.
«Балалардың күлімдеген жүздері – біздің ең үлкен жетістігіміз. Полиция қызметкерлері балалардың амандығы үшін бар күшін салады», - деп жазылған полктің ресми парақшасында.
Пікір жазған адамдардың көбі қарапайым тәртіп сақшыларының өз балаларына уақыты болмаса да, қоғамның тыныштығын күзетуде күні-түні еңбек етіп жүргендерін жазған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды