$ 515.02  604.22  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:52
Қоғам

Қостанай облысы ауылға келген дәрігерлерге 7 млн теңге ақша береді

Ал, қалаға келген дәрігерлер 5 млн теңге алады

Қостанай облысы ауылға келген дәрігерлерге 7 млн теңге ақша береді
Фото: ОКҚ

Қостанай облысы аймаққа келіп, жұмыс істейтін дәрігерлердің көтерме ақшасын көбейтті: Енді қалаға келетін жас мамандар 3,5 млн теңгенің орнына 5 млн теңге, ал ауылға келген дәрігерлер 5 млн теңге орнына 7 млн теңге алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.

«Қостанай облысында ауылдық, шалғай аудандарды білікті медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету үшін ауқымды шаралар қолданып жатырмыз. Облыстың оңтүстік өңірлерінің дәрігерлері үшін көтерме ақы ұлғайды: қалаға келген жас мамандар 3,5 млн теңгенің орнына 5 млн теңге, ал ауылдық жерлерде 5 млн теңгенің орнына 7 млн теңге алады», - дейді облыс әкімі.

Ақсақаловтың айтуынша, бұл шешім Арқалық қаласына, Амангелді және Жангелдин аудандарына қосымша 120-дан астам дәрігерді тартуға мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары