$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:25
Қоғам

«Бір бүйрегін кесіп алып, ағзасына қайта салдық»: Шымкент дәрігерлері ерекше операция жасады

Ер адамның бір бүйрегіндегі тамыры әбден тарылып қалған

«Бір бүйрегін кесіп алып, ағзасына қайта салдық»: Шымкент дәрігерлері ерекше операция жасады
Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері 57 жастағы ер адамның тамыры әбден тарылған бір бүйрегін кесіп алып, тамырларын емдеп, оны қайтадан ағзасына салып берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның бүйрегіндегі артерияларының 99 пайызы тарылған. Сондықтан, соңғы бес жыл бойы қан қысымы 250/140 және одан да жоғары болып жүретін. Бұның салдарынан оның миына қан құйылып, инсульт алу қауіпі жоғарлай берген, дейді дәрігерлер.

Ер адам 2024 жылы таңы бір күрделі отаны бастан кешірген екен. Сондықтан, дәрігерлер оның бүйрегін бірінші кесіа алып, емдеуге мәжбүр болған.

«2024 жылғы отбасына байланысты дәрігерлер науқастың сол бүйрегін алып, оң жақ мықын артериясына қайта салып берді. Операция қан тамыры хирургтері мен трансплантологтардың бірлескен жұмысының нәтижесінде сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, қан қысымы қалпына келді», - деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Серіктес жаңалықтары