Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап бірінші жеке куәлігін тегін ала алады
Сондай-ақ, уақыты біткен жеке куәлікті де тегін ауыстыруға болады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші рет жеке куәлік алып отырған азаматтар оны тегін ала алады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, бұл бастамаға Ішкі істер министрлігі мұрындық болған.
«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші рет жеке куәлік алатын азаматтар оны тегін ала алады. Сондай-ақ, жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен азаматтар да оны тегін ауыстыра алады. Бұл Ішкі істер министрлігінің бұрын-соңды болмаған бастамасы», - дейді Аталықов.
Оның айтуынша, бұл қадамның басты мақсаты – құжат алатын азаматтарға қолайлы жағдай жасап, қаржылай салмақты азайту.
«Яғни, елімізде тұңғыш рет бірінші рет жеке куәлік алып отырған азаматтар жарна төлемейді, тегін ала алады», - деді Аталықов.