$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2021, 11:51
Сайлау-2021

Алматыда сайлауға арналған жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды

Баспасөз орталығында журналистердің жедел жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған

 

Алматыда сайлауға арналған жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды
Фото: almaty.tv

10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Алматы қаласы мәслихаты сайлауының өту барысы туралы жедел ақпарат тарату мақсатында Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз орталығы жұмысының қағидаттары — Алматыдағы сайлау барысы туралы қалың жұртшылықты бірінші кезекте хабардар етудегі объективтілік пен жеделдік және беделді сараптама.

Бақылаушылар мен БАҚ өкілдерін ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырады.

Барлық отандық және халықаралық бақылаушылар 1308, +7 707 934 3984 (WhatsApp) нөмірлері бойынша және info@rsk.almaty.kz электрондық мекенжайы арқылы баспасөз конференцияларын өткізуге өтініш бере алады.

«Баспасөз орталығында журналистердің жедел жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған. Баспасөз орталығы заманауи техникамен және комрьютерлермен, интернет шығу және wi-fi-ға қосылу мүмкіндігі бар 40-қа жуық жұмыс орындарымен жабдықталған. Бейнеконференциялық байланыс режимінде және Zoom платформасында бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік бар», - делінген хабарламада.

Жалпықалалық баспсөз орталығы «Қазақстан» қонақ-үйінде, «Алтын Емел» залы, 1 қабатта орналасқан. сұрақтар бойынша +7 747 615 6602 нөміріне хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары