ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Сайлау: 9 қаңтар – тыныштық күні

Бүгін сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың үгіт жүргізуіне тыйым салынады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 9 қаңтар – ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы «тыныштық» күні.

Бұл күні сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың үгіт жүргізуіне тыйым салынған.

«Сайлау күні және оның алдындағы күні сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынады. Ол – тыныштық күні. Сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрын ілінген басқа да үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде бұрынырақта жарияланған үгіт материалдары бұрынғы орнында сақталуы мүмкін. Бұрын жарияланған материалдарды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға рұқсат берілмейді», - деп атап өтті ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Үгіт-насихат жұмыстарының тәртібі бұзылған жағдайда құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Тіпті саяси партиялар өрескел қателікке жол берген жағдайда оларды партиялық тізімнен шығаруға дейінгі шара қабылдануы мүмкін.

Айта кетсек, дауыс беру 2021 жылдың 10 қаңтарында учаскелік сайлау комиссияларында жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден бастап 20.00-ге дейін өтеді. 

Конституциялық мерзімге сай өткізгелі отырған Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия қатысады.