$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2020, 22:58
Сайлау-2021

«ҚХП салауатты өмір салты үшін» флешмобы өтті

Флешмоб сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында ұйымдастырылды

«ҚХП салауатты өмір салты үшін» флешмобы өтті

26 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда «ҚХП салауатты өмір салты үшін» флешмобы өтті. Шара аясында бір уақытта 50 адам алаңға шығып, жаттығулар жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Флешмоб Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында ұйымдастырылды. Осылайша, Қазақстан Халық партиясы салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын көрсетті. Жаппай жаттығу жасау шарасына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жамбыл Ахметбеков те қатысты.

«Соңғы уақытта оң үрдіс байқалуда. Көптеген жастар зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануда. Тіпті, егде жастағы адамдар да жастардан қалмауға тырысады. Олар саябақтарға, алаңдарға барып, дене жаттығуларын жасайды. Салауатты өмір салты – дұрыс тамақтану немесе спортпен шұғылдану ғана емес. Ол – денсаулықты жақсартуға және ағзадағы патологиялық процестердің алдын алуға бағытталған шаралардың тұтас кешені. Сондықтан деніміздің сау болуына мүмкіндік беретін ережелерді сақтайық», – деді Жамбыл Ахметбеков флешмобқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Флешмоб елорданың Тұран көшесінің бойында орналасқан орталық саябақта өтті.

Серіктес жаңалықтары