Парламент депутаттары каникулға кетті
Президент бесінші сессия депутаттары ұсынған 86 заңға қол қойған

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар бесінші сессияны қорытындылады. Мұнан кейін халық қалаулылары каникулға кетеді.
Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясы заң шығару жұмысының көлемі бойынша да, қабылданған заңдар шешімін табуға ықпал ететін міндеттер бойынша да өте ауқымды болды.
Сессия барысында палаталардың 3 бірлескен отырысы өткен. Мәжілістің 41 жалпы отырысында 296 мәселе қаралса, Сенаттың 25 жалпы отырысында 165 мәселе талқыланған.
Бесінші сессия кезінде қос палатаның қарауында 161 заң жобасы болды, оның 98-і қабылданды. Бүгінгі күні Парламент қабылдаған заңдардың 86-на Мемлекет басшысы қол қойып, олар заңды күшіне енді.