Алмазбек Атамбаев пневмониямен ауруханаға түсті
Дәрігерлер оған өкпенің екіжақты қабынуы диагнозын қойған
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев уақытша ұстау абақтысынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kg.
Белгілі болғандай, 29 маусым күні Атамбаев денсаулығына шағымданған. Одан дереу ПТР-тест алынып, алайда, ол теріс нәтиже көрсеткен. Дәрігерлер экс-президенттің пневмониямен ауырғанын анықтады.
«Сол күні дәрігерлердің онлайн-консилиумы өтті және елдің бұрынғы президентіне екіжақты өкпе қабынуы деген диагнозы қойылды. Дәрігерлер Алмазбек Атамбаевты ауруханада емдеу туралы шешімге келді», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, Атамбаев соңғы бір аптада туған-туыстарымен және адвокатымен бірнеше рет кездесіп, қолма-қол қағаздар алған. Дәрігерлер оның адвокаты Замира Жоошевадан коронавирустың анықталғанын айтты.
Еске салайық, өткен аптада Қырғызстан соты Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 2 айға соттады. Ол президент кезінде қылмыс әлемінің серкесін түрмеден босатып, шетелге қашып кетуіне көмектескен.