$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2020, 01:01
Саясат

АҚШ санкциясының кесірінен Қытай 1,1 трлн доллар жоғалтуы мүмкін

Қытай Парламенті Гонконгтегі ұлттық қауіпсіздік туралы заңды қабылдады

АҚШ санкциясының кесірінен Қытай 1,1 трлн доллар жоғалтуы мүмкін

Қытай АҚШ-тың Гонкогктегі жағдайға қатысты салған санкциясының салдарынан 1,1 трлн доллар шығын көруі мүмкін, деп хабарлайды Атамекен арнасы. Себебі енді шығыстағы көршіміздің мемлекеттік банктері америкалық қаржы жүйесінен шеттетіледі. Қытай шенеуніктерімен байланыс орнатқан қаржы ұйымдарының барлығы қара тізімге ілігеді.

«Бүгін АҚШ көрсеткен қысымға қарамастан, Қытай Парламенті Гонконгтегі ұлттық қауіпсіздік туралы заңды қабылдады. Ол ертеңнен бастап күшіне енеді. Демек америкалықтардың да санкциясы күшейіп, шығыстағы көршіміздің қаржылық ұйымдары қып-қызыл шығынға ұшырайды деген сөз», - делінген арна ақпаратында.

Заң мәтіні жергілікті басылымдарда жарияланады. Оған сәйкес, мемлекеттік билікке қарсы шыққандар қатаң жазаланады. Гонконгке қатысты осы құжаттың қабылдануына Батыс елдері қарсы болған. Олар қаржы орталығының тәуелсіз автономия болғанын қалайды. Алайда Бейжіңдегі билік мұны елдің ішкі ісіне араласу деп санайды. Былтыр жаз бойы Гонконгтегі наразылық шерулері өршіп, демонстранттар полицияға қарсы шыққан еді. Айғай-шу қыста індет басталған соң тоқтаған болатын.  Енді дау қайтадан өршімесіне кепілдік жоқ.

«Қытайдың өндірістік коммерциялық банкі, Ауыл шаруашылығы банкі сияқты ірі кредиторларының банкаралық байланыс орнатқанда алған қарыздары мен депозиттері бар. Оның көлемі кемі 1,1 трлн дололар болады. АҚШ заңына сәйкес, қаржы ұйымдары қара тізімге іліккен шенділермен байланыс орнатса, ірі көлемде айыппұл төлеуі тиіс. Бұл - жаһандық деңгейде жұмыс істейтін банктер үшін ауыр соққы», - делінген ақпаратта.

Мәселен, санкция кесірінен былтыр бір банк 600 млн доллар шығынға ұшыраған. 5 жыл бұрын BNP Paribas Суданмен байланыс жасағаны үшін 8,9 млрд айыппұл төлеген еді. Осыны ескерген сарапшылар Трамп әкімшілігі қарап қалмайтынын, Қытайға қарсы қысым уақыт өткен сайын үдей түсетінін айтады.

Серіктес жаңалықтары