$ 545.01  642.84  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Монако Князін елімізге ресми сапармен келуге шақырды

Олардың кездесуі БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында өтті

Тоқаев Монако Князін елімізге ресми сапармен келуге шақырды
Фото: Ақорда

Нью-Йорк қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князі ІІ Альбермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті.

Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары

21 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарын бастады. Мемлекет басшысы сапары аясында БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталастарына қатысады. Сондай-ақ Тоқаевтың шетелдік көшбасшылармен және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөзі жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары