Жасыл желекті уақытында суармаған Ақтау қаласының әкіміне сөгіс жарияланды

Облыс әкімінен бірнеше шенеунік сөгіс алды 

Жасыл желекті уақытында суармаған Ақтау қаласының әкіміне сөгіс жарияланды

Бүгін облыс әкімі Маңғыстау облсының әкімі Серікбай Тұрымов аппараттық жиында бірқатар жауапты тұлғалардың жұмыс ұйымдастыруының сапасының төмендігіне орай сөгіс жариялады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз хатшысы Самат Сүлей.  

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерде шағын кредит беру бағытының жарты жылдықтағы орындалысының төмендігіне байланысты (осы салаға жеткешілік ететін орынбасар) ​ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Качаковқа және Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлға сөгіс жартяланды»,- деп жазды ол Facebook парақшасында.

Ал Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов шаһар ішіндегі жасыл желектердің уақытылы суарылмауына байланысты сөгіс алды.

«Мұнайлы ауданында тазалық жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі және аудан ішіндегі қоқыстардың тазаланбауына байланысты. Сонымен қатар, тұрғындарға ауыз су жеткізуді жүйелі түрде ұйымдастыра алмаған аудан әкімі Рахат Елизаровқа да сөгіс жарияланды. Себебі бұған дейін аудан әкіміне аумақтарды санитарлық тазалау және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша бірнеше рет тапсырмалар берілген болатын»,- делінген жазбада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.