$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2020, 01:20
Саясат

БҰҰ Жоғарғы комиссары Қазақстанның саяси реформаларын жоғары бағалады

Сондай-ақ ол Қазақстанның қоғаммен қарым-қатынасын нығайту мақсатында жүргізіп отырған жұмысымен танысты

БҰҰ Жоғарғы комиссары Қазақстанның саяси реформаларын жоғары бағалады
Фото: баспасөз қызметінен

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелетпен онлайн форматта кездесу өткізді. Тараптар ҚР Президентінің саяси реформаларды іске асыруын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мишель Бачелет еліміздіі бейбіт жиналыстар, Саяси партиялар саласындағы, сондай-ақ жала жабуды декриминализациялауға қатысты саяси реформаларын атап өтті. Оның айтуынша, бұл реформалар біздің еліміз БҰҰ-ға мүше елдердің әмбебап кезеңдік шолудың үшінші циклі барысында ұсынымдарына шындап қарайтынын және оларды уақтылы жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтінін куәландырады», - деп жазылған хабарламада.

Өз кезегінде, Тұрақты өкіл 2020 жылдың ақпан айында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 43-сессиясы барысында Қазақстанда жүргізілген реформаларға оң баға бергені үшін, сондай-ақ Жоғарғы Комиссар Кеңсесінің жақында жариялаған 2019 жылғы баяндамасында көрсетілген жобалар мен тренингтерді іске асыру арқылы көрсетілетін көмек үшін Жоғарғы комиссарға алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары