Тоқаев айтқан «орта держава» мәртебесі нені білдіреді – депутат өз ойын айтты
Болат Керімбектің пікірінше, бұл саяси мәртебе ғана емес, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш
Мәжіліс депутаты Болат Керімбек үкіметтің кешегі кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «орта держава» ұғымына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында «әлем Қазақстанды «орта держава» ретінде таниды» деген болатын.
«Ынтымақтастық пен туризм. «Орта держава» мәртебесі тек саяси салада ғана емес, «экономика, инвестиция, ғылым және технология саласындағы практикалық жетістіктерді» де дамытуды көздейді. Бұл үшін маңызды факторлардың бірі – жақын көршілермен, сондай-ақ әртүрлі салалардағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық орнату. Бұл ретте, ынтымақтастық салалары шектелмеуге тиіс. Үкіметке өнеркәсіпте, көлікте және логистикада, IT-секторда, АӨК және басқа да салаларда өзара тиімді байланыстарды дамыту бойынша нақты шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды. Жетісу, Алматы облыстары нағыз туризмнің аймағы. Инвестиция тартуға мол мүмкіндікте бар. Соны тиімді пайдалануымыз тиіс», - деді депутат Болат Керімбек.