$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бектенов Астанада Ресейдің премьер-министрімен кездесті

Олар екі ел президенттерінің бұған дейінгі уағдаластықтарын талқылаған

Бектенов Астанада Ресейдің премьер-министрімен кездесті
Фото: primeminister.kz

Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің арасындағы екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша қол жеткізген уағдаластықтарын талқылаған.

 «Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты ынтымақтастығымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Маңызды міндет – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Үкіметі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және барлық салада ынтымақтастықты дамытуға дайын», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары