$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлем Қазақстанды «орта держава» ретінде таниды – Тоқаев

Ол осы орайда бірқатар тапсырма берді 

Әлем Қазақстанды «орта держава» ретінде таниды – Тоқаев
Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі геосаяси жағдайда көршілермен ынтымақтастықты күшейте түсу керек екенін алға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Әлем Қазақстанға зор сенім артады, бізді «орта держава» ретінде таниды. Алайда бұл жоғары мәртебе тек сыртқы саясаттағы нақты нәтижелермен ғана емес, экономика, инвестиция, ғылым және технология салаларындағы жетістіктермен де бекітілуге тиіс.Қазіргі геосаяси жағдай көршілермен (Орталық Азия және ЕАЭО елдерімен) ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді. Бұл аймақтың және Қазақстанның бәсекеге қабілетін күшейтеді. Үкімет өнеркәсіп, көлік және логистика, ІТ сектор, агроөнеркәсіп кешені және басқа да салалардағы өзара тиімді байланыстар бойынша нақты шаралар әзірлеуі керек», - деді президент.
 

Ол атағандай, Қытай, Ресей, АҚШ, ЕО, Таяу Шығыс, Азия елдерімен және басқа да мемлекеттермен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын айрықша назарда ұстаған дұрыс.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары