$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Қатар қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетеді

Келісім былтыр ақпанда бекітілген

Қазақстан мен Қатар қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетеді
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Парламент Мәжілісі “Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Келісімге 2024 жылғы 14 ақпанда Дохада қол қойылды.

Келісімде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек мәселелері бойынша ынтымақтастыққа жауапты орталық органдар айқындалған, өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі регламенттелген, көрсетілетін көмектің тізбесі, көмектен бас тарту үшін негіздер, құпиялылық туралы шарттар және мәліметтерді немесе дәлелдемелерді пайдаланудағы шектеулер айқындалған. 

Сондай-ақ, іс жүргізу әрекеттеріне қатысушылардың құқықтары, қамауға алынған адамдарды немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдарды уақытша беру шарттары бекітілген. Қылмыстық қызметтен түскен заттарды, құжаттарды, қаржы активтерін және басқа да кірістерді анықтау, табу, тыйым салу және тәркілеу бойынша көмек көрсету шарттары көзделген.

Заң Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейді және оның өзгеруіне әкеп соқпайды.

Серіктес жаңалықтары