$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп Америкада туғандарға азаматтық беруді тоқтату үшін жоғарғы сотқа дейін барамын дейді

Ақ үй президенттің ниетін растады

Трамп Америкада туғандарға азаматтық беруді тоқтату үшін жоғарғы сотқа дейін барамын дейді
Фото: AP Photo/Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп азаматтықты туған жері бойынша беру мәселесін жоғарғы сотқа дейін жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт журналистерге арналған брифингте хабарлады, деп жазады  Azattyq Rýhy 

«Президент әкімшіліктің балаға туған жері бойынша азаматтық беру Конституцияға қайшы деп санайды. Біз бұл ұстанымды Жоғарғы сотқа дейін қорғауға дайынбыз. Трамп бұл шешімді ел шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекетімізді қорғау үшін маңызды деп санайды», - дейді ол.

Трамп әкімшілігі аталған жарлыққа қарсы шыққан бірнеше штаттың сотқа берген талап-арыздарына апелляция түсірді. Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріскен күні Трамп туған жері бойынша азаматтық беруді шектейтін жарлыққа қол қойған болатын.

Штаттар мен сот инстанцияларының қарсылығына қарамастан, Трамп әкімшілігі азаматтық беру жүйесін өзгертуді талап етіп жатыр. Қажет болған жағдайда бұл мәселе АҚШ Жоғарғы сотында қаралып, жарлықтың заңдылығы туралы түпкілікті шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары