Трамп Түркиядан санкцияларды алып тастады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Анкара мен Сириядағы әскери операциялар кезінде енгізген Түркияға қарсы санкцияларды алып тастауға тапсырма берді.

Сонымен қатар Трамп америкалық тараптар бір нәрсеге келіспеген жағдайға дейін шектеулерді алып тастайтынын ескертті. Ақ үйде Сирия мәселесін қозғаған Президент қаржы министріне Түркия тарапына Анкара операциясы кезінде салынған санкцияларын алып тастауды тапсырды.
«Бүгін Түркия мемлекеті менің әкімшілігіме Сириядағы қарулы әрекетттері мен басып кіру операцияларын тоқтатқаны туралы хабарын жеткізді. Енді біз Түркияға қатысты барлық шектеулерді алып тастау жұмысын қолға аламыз. Алайда Анкара Вашингтонмен келісімшарттарын дұрыс орындаған жағдайда біз де өз тарапымыздан сыртқа шығатын тауарлардың кедендік салықтарын көбейту мәселесін шешетін боламыз»,-деп жауап берді АҚШ басшысы.
АҚШ қаржы Министрлігі Түркия елінің ұлттық қорғаныс Министрлігі, Энергетика және табиғи ресурстар Министрлігін санкция тізімінен алып тастағанын мәлімдеді.