$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2019, 18:27
Саясат

Дариға Назарбаева Патриарх Кириллмен кездесті

Қазіргі уақытта Сенат делегациясы Ресейде ресми сапармен жүр

Дариға Назарбаева Патриарх Кириллмен кездесті

Дариға Назарбаева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы. Ол Ресейге сапары аясында  Мәскеу және Бүкіл Ресейдің қасиетті Патриархы Кириллмен кездесті.

 «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіне Сіздің қатысуыңыз форум жұмысына баға жетпес үлес қосты және оның мазмұнын айтарлықтай байыта түсті. Біздің ынтымақтастығымыз бен өзара қарым- қатынасымыз алдағы уақытта да елдеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз. Сізді 2021 жылдың маусым айында өтетін келесі форумға құрметті қонақ ретінде қатысады деп үміттенеміз», - деді Дариға Назарбаева.

Патриарх Кирилл Назарбаеваға форумға шақырғаны үшін алғысын білдірді және діндер мен мәдениеттер арасында сындарлы байланыс орнатудағы, дінаралық төзімділікті, ізгі ниет пен өзара түсіністік қалыптастырудағы діни иерархтар съезінің маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан – қасиетті мекен. Біз еліміздің және өзара қарым- қатынасымыздың оң дамуына өте қуаныштымыз. Съезд әлем қауымдастығын толғандыратын маңызды және нақты мәселелер шешілетін ашық алаң. Бұл ретте Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың рөлі мен еңбегі өте зор. Біз барлық бағыттар бойынша қолдау мен тығыз ынтымақтастыққа, оның ішінде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен байланысты нығайтуға ықыластымыз», - деп қорытындылады Патриарх Кирилл.

 

Серіктес жаңалықтары