Референдумға дайындық кезінде 24 заң бұзу фактісі анықталды - Өмірәлиев

Аягөз Құрмаш

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған 

Референдумға дайындық кезінде 24 заң бұзу фактісі анықталды - Өмірәлиев
Фото: istockphoto.com

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев референдум кезінде заң бұзғандар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Референдум кезінде учаскелік комиссиялардың мүшелеріне ерекше жауапкершілік жүктелді. Заңға сәйкес, олардың келесідей әрекеттері жазаланады: азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында бюллетеньдерді беру; Азаматтардың сайлаушылар құқығымен танысуын бұзу немесе дауыстарды санау басталғаннан кейін оларға өзгерістер енгізу; Референдумның қорытындысы жайлы іс әрекеттерге әкімшілік жауап көзделген»,- дейді Өмірәлиев.

Оның айтуынша, кейбір фактілер үшін қылмыстық жауапкершілік те бар.

«Референдумға қатысу құқығына немесе комиссиялардың жұмысына кедергі жасау, референдум құжаттарын бұрмалау және дауысты дұрыс есептемеуге қатысты қылмыстық жауапқа тартылады. Референдумға дайындық күнінен бастап 24 заң бұзу фактісі анықталған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- дейді Өмірәлиев. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.