Елшілік Израильде жүрген Қазақстан азаматтарын қырағы болуға шақырды

Azattyq Rýhy

Қазір Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан

Елшілік Израильде жүрген Қазақстан азаматтарын қырағы болуға шақырды
Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігі аймақтағы шиеленіске байланысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Елшіліктің баспасөз қызметі БАҚ арқылы байланыс нөмірлерін жариялап, қазақстандықтарды сақтыққа шақырды.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», - деп жазды елшілік.

Израильдегі Қазақстан азаматтары қандай бір жағдай туындаса, мына жедел желі арқылы елшілікке хабарласа алады:

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанның көлік министрлігі әуе компанияларын Иран кеңістігінен айналып ұшуға шақырған еді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.