Таяу Шығыстағы қақтығыс ұлғайды - Дубайға ұшатын қазақстандықтар үшін ескерту бар
Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыстардың күшеюіне байланысты хабарлама таратты
Министрлік әуе компанияларға Иранның аспанын айналып өтуге кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады», - деді ведомстводан.
Осыған байланысты Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігінің ұсынысы бойынша Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуға шешім қабылдады. Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгеріп, ұшу уақыты ұзарады.
Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады.
Еске салайық, Иран мен Израильдің арасындағы қанқасап кейінгі апталарда қатты күшейді. Кеше Иран Израильге жаппай зымыранмен шабуылдады.