$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай - СІМ шұғыл брифинг өткізді

Қазақстан мәселеге алаңдап отыр 

Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай - СІМ шұғыл брифинг өткізді
Фото: Azattyq Ruhy

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен жедел брифинг барысында Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Біз барлық қатысушы тараптарды сабырлық танытып, бейбіт тұрғындардың қазасы, өңірде кең ауқымды соғысқа айналуы ықтимал жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін күш қолданудан бас тартуға шақырамыз. Осыған байланысты келіспеушіліктерді реттеуді БҰҰ жарғысы және халықаралық құқық қағидаттары аясында тек саяси дипломатиялық жолмен жедел шаралар қабылдау маңызды», - дейді ол.

Смадияров атағандай, Қазақстан халықаралық ахуалды тұрақтандыруға және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды тұрақты қолдайды.

Еске салсақ, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылды.

Бұдан өзге, Қазақстан елшілігі осы елдегі қазақстандықтар үшін жедел желіні іске қосты. 

Серіктес жаңалықтары