01.10.2024, 17:21
Саясат
Референдум қандай жағдайда өтпеген болып саналады – комиссияның жауабы
Бұл сұраққа Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов жауап берді
видеодан скриншот
Тізімге енген сайлаушылардың тең жартысы жауап бермесе, онда жалпыұлттық референдум өтпеген болып саналады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тізімге енген сайлаушылардың елу пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткен болып саналады. Егер, тізімге енген сайлаушылар арасында дауыс бергендердің үлесі 50 пайыздан аспаса, референдум өтпеген болып саналады», - деді бүгін ол комиссияның баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, референдумды бақылау үшін 30 ел мен 4 халықаралық ұйымнан 177 бақылаушы ресми тіркеуден өткен.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады