10.09.2024, 09:43
Саясат
Тоқаев Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді
Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, қорғаныс министрі қызметтерін атқарған
Фото: madeniportal.kz/
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Тоқпақбаевқа сондай-ақ Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталған.
Айта кетейік, Сәт Тоқпақбаев 1993-1995 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған, 1999-2001 жылдары қорғаныс министрі, 2007-2016 жылдары мәжіліс депутаты болған. Тоқпақбаев 17 қыркүйек күні 85 жасқа толады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
