10.09.2024, 10:20
Саясат
Газадағы соғыста қаза тапқан палестиналықтар саны 41 мың адамға жуықтады
Ал жараланғандар саны 95 мыңға жақын
Фото: AP/Fatima Shbair
Газаның денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, 2023 жылғы қазанда басталған соғыс 40 988 адамның өмірін жалмады, 94 825 адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синхуа агенттігігің жазуынша, Газаның солтүстігіндегі волонтерлар командасына 3 аптадан бері жанармай жетпей жатыр. Қазір бұл аймақта гуманитарлық және денсаулық проблемасы күшейген. Ауруханалар жанармай тапшылығынан жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл жараланған жандардың өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Еске салайық, былтыр 7 қазаннан бері Палестинаның ХАМАС лаңкестер тобы мен Израильдің ЦАХАЛ әскерилерінің арасында толассыз майдан жүріп келеді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді