09.05.2020, 13:05
Саясат
Тоқаев: Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі
Президент бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды
Фото: akorda.kz
Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 мың теңгеден беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетінін атап өтті.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді