Еуразия университетінің ректоры Дуровты Нобель сыйлығына ұсынды

Аягөз Құрмаш

Ол Дуровты БРИКС-те спикер болуға да шақырды

Еуразия университетінің ректоры Дуровты Нобель сыйлығына ұсынды
Фото: Reuters

Еуразия халықаралық университетінің ректоры Константин Клименко Павел Дуровты Нобель сыйлығына ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Павел Дуровтың қамалғаны мені таң қалдырды. Сандық платформаны жасаған адамды техникалық құралды заңсыз әрекеттер үшін қолданды деп айыптау ақылға қонымсыз. Мұндай жағдайда неге француздар ас үй пышақтарын шығаратын зауыттарға айып тақпайды? Оларды қылмыскерлер кісі өлтіріп, террорлық шабуылдар үшін де жиі пайдаланады. Африкада атом және нейтрон бомбаларының сынақ жарылыстарын өткізуге кінәлі Францияның бірде-бір шенеунігі неге жауапқа тартылмаған? Франция Африкада елу ядролық жарылыс жасады. Ядролық сынақтардан кейін миллиондаған адамдар радиоактивті инфекцияға ұшырады, ғасырлар бойы экология оның зардабын шекті. Бұл адамдардың қатерлі ісікке шалдығуына әкелді. Бұл қылмыстар үшін кім жазаланады? Атом қаруын ойлап тапқан ғалымдарды ешкім жауапкершілікке тартуға дайын емес», - дейді ол.

Клименко Дуров жаңа цифрлық дәуірдің көшбасшысы екенін айтты.

«Мен Павел Дуровты ерекше тұлға деп санаймын. Ол - жаңа цифрлық дәуірдің көшбасшысы. Менің ойымша, Дуров Нобель сыйлығына лайық. Сондықтан мен Павел Дуровқа Нобель сыйлығын беру туралы Нобель комитетіне ресми өкілдік жібердім. Бұл ұсынысты Азия мен Африка елдерінің бірқатар университеттері мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері қолдады. Сондай-ақ, Мен Дубай инвестициялық форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы ретінде БРИКС-ке Павелді осы форумның құрметті қонағы және спикері болуға шақырдым. Мен шақыруды қайтарып алмаймын. Егер француз билігі Дуровты түрмеден шығармаса, онда Паве Дуровқа БРИКС форумына қашықтан қатысуға мүмкіндік беріледі», - деп жазды Клименко.

Еске салсақ, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және басшысы Павел Дуровты француз полициясы «Ле Бурже» әуежайында оның жеке ұшағы қонғаннан кейін ұстаған еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.