$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«9 балдық жер сілкінісіне төтеп береді»: Сәтқалиев ядролық технологиялармен танысты

Ол Қазақстанда АЭС салуға ниетті компаниялардың жұмысымен танысты 

«9 балдық жер сілкінісіне төтеп береді»: Сәтқалиев ядролық технологиялармен танысты
Фото:Azattyq Ruhy

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан KazAtomExpo халықаралық көрмесін аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

KazAtomExpo - бұл ядролық технологиялар мен атом саласына арналған Қазақстандағы ең ірі шаралардың бірі деуге болады.

Көрме Қазақстанның атом энергетикасы және өнеркәсіп саласындағы әлеуетін, сондай-ақ атом ғылымы мен технологиясы саласындағы соңғы жетістіктерін көрсету, жетекші отандық және халықаралық сарапшылар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналмақ. 

Бұл атом саласының қазіргі жай-күйі және оның атом электр станцияларын салу түріндегі жаңа деңгейге көшуге дайындығы талқыланатын алғашқы іскерлік алаң.

Көрме аясында «Қазатомөнеркәсіп ҰК» АҚ, «Ядролық физика институты» РМК, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «KARLSKRONA LC AB» сияқты қазақстандық атом индустриясының негізгі компанияларының атом өнеркәсібі мен энергетиканың ағымдағы жай-күйі тәжірибесін ашатын стендтері ұсынылған. 

Сондай-ақ, көрмеде атом саласының мамандарын дайындайтын еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми-кадрлық әлеуеті көрсетілді. 

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша әлеуетті вендорлар – Сһіпа National Nucler Corporation, Korea Hydro & Nuclear Power Co, Électricité de France, «Ресейатом» мемлекеттік корпорациясы осы уақытқа дейінгі жетістіктері, қазіргі жобалары мен жоспарлары туралы айтып берді

«Ресейатом» жекеменшік мекемесінің бас директоры Вадим Титов энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке «Ресейатомның» жаңа реакторларының ерекшелігі мен тәжірибесі жайлы айтып берді. 

«Жаңа реакторлардың ерекшелігі белсенді және баяу заттардың комбинациясын қолданамыз. Біз қауіпсіздіктің төрт арнасын қамдап қойдық. Олар белгілі бір себептерге қатысты тоқтап қалуы мүмкін. Сол үшін ешбір ақау туындамайтындай, сақтандыруды барынша жүзеге асырдық. Авариялық сорғылар да жүйе тоқтаған кезде дербес жұмыс істей береді», - дейді Титов. 

Оның айтуынша, барлық АЭС жер сілкінісі кезінде жұмыс істеуге бейімделеді. 

«9 балдық зілзалаға дейін АЭС қауіпсіздік жүйесі жұмыс істейді. Мұндай жер сілкінісі болмауы да мүмкін. Бірақ атом электр станциясы 9 балға төтеп береді. Қазіргі жаңа атом реакторлары су тасқыны, цунами, ұшақ апаты сынды сыртқы техногендік жағдайларға төтеп бере алады»,- дейді Титов. 

Іскерлік бағдарлама барысында ғалымдар мен сарапшылар атом саласын дамытудың, атом энергетикасының қауіпсіздігі мен сенімділігінің, атом энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап жатыр. 

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көрмені аралап болған соң өз пікірін білдірді. 

«АЭС салу бойынша конкурс қатысушылары мен қазақстандық ғылыми-зерттеу, оқыту ұйымдарына алаң қажет болды. Қазір АЭС салуда қауіпсіздікті сақтау бойынша ғылымның қаншалықты дамып кеткенін көруге болады. Оның ішінде радиология, радиомедицина, ауыл шаруашылығы, материал әзірлеу бағыттары бар. Оның ішінде қазақстандық кәсіпорындардың болғаны қуантады»,- дейді министр. 

Ол Корея компаниясы жобаның циклін әзірледі дейді. 

«Олар жобаларын БАӘ-де таныстырған. Чехияда да таныстыруға мүдделі болып отыр. Компания АЭС салуда 70 пайыз тапсырушы елдің міндетін орындайтынын айтты. Ал «Ресейатом»  қауіпсіздік мәселесіне аса көңіл бөлген»,- дейді министр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #фотокөрме