Астананың Нұра ауданына жаңа әкім тағайындалды
Жаңа ауданды 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков басқарады
Президент әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Нұра ауданының әкімі болып 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, Тұрдыбеков еңбек жолын 2001 жылы «Автолизинг Қазақстан» компаниясында бастаған. 2005 жылдан бастап Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің, абаттандыру бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды. Сондай-ақ, елорданың Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап елорданың Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.