АЭС салуға 8 мың жұмысшы қажет, оның мыңын шетелден әкелуге болады – Саябек Сахиев
Станция салынып біткен соң оның жұмысын қамтамасыз ету үшін 2 мың адам қажет болады
Қазақстанда атом электр станциясы салынса, оның құрылысына 8 мың жұмысшы тартылуы мүмкін. Оның мыңы шетелдік мамандар болады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрылыс кезінде бас-аяғы 8 мың адам қажет. Әрине, біздің, яғни, сарапшылардың пайымдауынша, 8 мың адамның 7 мыңы Қазақстанның мамандары болады, ал мың адамды шетелден әкелуге болады. АЭС іске қосылғанда қажетті адам саны 2000 мың жұмысшы, оның ішінде 400 адамның жоғары білімі болу керек, 1400 адамның техникалық білімі болу керек, қалған екі жүз адам қосымша мамандар болады», - деп түсіндірді Саябек Сахиев.
Айта кетейік, бүгін дәл осы сарапшы «Атом қалдықтарының денсаулыққа әсері қандай» деген сұраққа жауап берген болатын.