Telegram басшысы Павел Дуров Франция әуежайында ұсталды

Azattyq Rýhy

Бизнесменнің Әзербайжаннан ұшып келгені хабарлануда

Telegram басшысы Павел Дуров Франция әуежайында ұсталды
Фото: Reuters

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және басшысы Павел Дуров француз полициясы тарапынан «Ле Бурже» әуежайында оның жеке ұшағы қонғаннан кейін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy бір холдингке кіретін француздық LCI және TF1 телеарналары.

Ол ұшақтан түскен сәтте әуе көлігінің жандармериясы қызметкерлері тарапынан ұсталған.

BFMTV дереккөзі кейіннен TF1 арнасының ақпаратын растады.

TF1 арнасының жазуынша, Дуровқа телеграмдағы модерацияның болмауы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жасамауы осы желіде болып жатқан заңсыз әрекеттерге, оның ішінде есірткі тарату, бала порнографиясы және алаяқтыққа қатысы бар деген айып тағылып, іздеу жарияланған.

Француз бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Дуровтың ресейлік азаматтығынан бөлек француз азаматтығы да бар. Олардың мәліметінше, ол өзіне іздеу жарияланғанын біліп, Францияға келуден қашқақтаған. Бұл жолы не себепті келгенін ақпарат көздері түсінбей отыр.

Бизнесменнің Әзербайжаннан ұшып келгені хабарлануда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.