04.07.2024, 15:01
Саясат
Қытайдың Циндао қаласы ШЫҰ мәдени астанасы болып жарияланды
Бұл туралы Астанада өткен отырыста белгілі болды
Фото: Ақорда
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы аталды. Бұл туралы ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің Астанадағы 24-ші отырысында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қытайдың Циндао қаласы ШЫҰ-ның 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы болып жарияланды.
1891 жылы негізі қаланған Циндао ҚХР-ның 15 ірі қаласының қатарына кіреді. Қала – Қытайдың кинематографиялық орталығының бірі. 2008 жылы мұнда XXIX Олимпиада ойындарының жарыстары өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
