Еліміз биыл ШЫҰ-дан басқа 5 халықаралық құрылымға төрағалық етіп отыр - Тоқаев

Темірхан Айжан

Қазақстанда биыл халықаралық шаралар көп өтеді

Еліміз биыл ШЫҰ-дан басқа 5 халықаралық құрылымға төрағалық етіп отыр - Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясатта ең алдымен ұлттық мүддені алдыңғы орынға қоятынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыртқы саясат мәселесіне келер болсақ, Қазақстан көпжақты ынтымақтастыққа бейіл. Сондай-ақ қазіргі халықаралық құқықтың негізі ретінде БҰҰ Жарғысының сақталуын табанды түрде жақтайды. Сыртқы саясатта біз ұлттық мүддені басты орынға қоямыз. Барлық даулы мәселені тиімді мәміле негізінде шешуді қолдаймыз», - деді ол

Президент биылғы жылы еліміз қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткенімізді атап өтті.

«Биыл Қазақстанда халықаралық шаралар көп өтеді. Келесі аптада Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті болады. Мұны кейінгі бірнеше жыл ішіндегі жоғары деңгейде өтетін аса маңызды халықаралық форумдардың бірі десек, артық айтқандық емес. Саммитке дүниежүзі халқының жартысына жуығы тұратын мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ықпалды халықаралық ұйымдардың жетекшілері, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы қатысады. Мұндай ауқымды шараның өткізілуі еліміздің жаһандық аренадағы беделінің зор екенін көрсетеді. Еліміз биыл ШЫҰ-дан басқа тағы бес халықаралық құрылымға төрағалық етіп отыр. Бұл – қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік», - деді Тоқаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.