Қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік: Тоқаев сыртқы саясат жайлы

Azattyq Rýhy

3-4 шілде күндері елордада ШЫҰ саммиті өтеді 

Қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік: Тоқаев сыртқы саясат жайлы
Фото: gov.kz

Астанада 3-4 шілде күндері елордада ШЫҰ саммиті өтеді. Бұл - жоғары деңгейде өтетін аса маңызды халықаралық форумның бірі. Мемлекет басшысы журналистерді құттықтау рәсімінде Қазақстанның сыртқы саясатты туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан көпжақты ынтымақтастыққа бейіл. Сондай-ақ қазіргі халықаралық құқықтың негізі ретінде БҰҰ Жарғысының сақталуын табанды түрде жақтайды. Сыртқы саясатта біз ұлттық мүддені басты орынға қоямыз. Барлық даулы мәселені тиімді мәміле негізінде шешуді қолдаймыз.

Биыл Қазақстанда халықаралық шаралар көп өтеді. Келесі аптада Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті болады. Мұны кейінгі бірнеше жыл ішіндегі жоғары деңгейде өтетін аса маңызды халықаралық форумдардың бірі десек, артық айтқандық емес. Саммитке дүниежүзі халқының жартысына жуығы тұратын мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ықпалды халықаралық ұйымдардың жетекшілері, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы қатысады. Мұндай ауқымды шараның өткізілуі еліміздің жаһандық аренадағы беделінің зор екенін көрсетеді.

Еліміз биыл ШЫҰ-дан басқа тағы бес халықаралық құрылымға төрағалық етіп отыр. Бұл – қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік», - деді Президент. 

Оқи отырыңыз: Астана маңына блокпостар қойылып жатыр – қалаға кіріп-шығуда кедергі бола ма (ВИДЕО)

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.