Шымкент әкімінің орынбасары болады деген Толықбай Күршімнің табиғатын тамашалап жүр
Мақсат Толықтай өңірге қандай мақсатпен барғаны белгісіз
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Шымкент қаласының әкімінің орынбасары болмақ - осы тектес жаңалық, желіні желдей кезіп жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде бірнеше блогер де осы тектес ақпарат жазған.
«Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары Мақсат Толықбай болуға әбден лайықты. Себебі лайықты санайтындар көп», деп жазды блогер Олжас Мамыр Facebook-гі парақшасында.
Біз депутаттың өзіне хабарластық. Алайда, нөмірі өшірулі болды. Ал, әлеуметтік желідегі жеке парақшасын «ақтара келе» Толықбай Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауылында жүргенін көрдік.
Айта кетейік, ұзақ жылдар бойы журналист болып жұмыс істеген Мақсат Толықбай 2023 жылғы 28 наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған.
Үйленген, үш баласы бар.