17.06.2024, 20:01
Саясат
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті
Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді
Фото: Ақорда
Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.
«Мемлекет басшысы екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті», - делінген хабарамада.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
