Ердоған, Си Цзиньпин, Жапаров: Тоқаевты кімдер туған күнімен құттықтады

Azattyq Rýhy

Ақорда президенттің туған күніне орай жеделхат жіберген президенттер туралы хабарлады

Ердоған, Си Цзиньпин, Жапаров: Тоқаевты кімдер туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдерінен құттықтаулар келіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорда Тоқаевты құттықтап, жеделхат жіберген саясаткерлердің тізімін шығарған. Олардың арасында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмондар бар.

Құттықтау жолдағандардың арасында сондай-ақ Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, , БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев та бар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толып отыр. Бүгін Малайзия Премьер-министрі Тоқаевқа торт сыйлаған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.