$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2024, 12:47
Саясат

Былтыр Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналым 1,5 млрд долларға жеткен

Бұл туралы бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың шағын құрамдағы кездесуінде айтылды

Былтыр Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналым 1,5 млрд долларға жеткен
Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шағын құрамдағы келіссөзі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорда келіссөз барысында талқыланған мәліметтер туралы ақпарат беріп, президенттердің сөзін таратып отыр.

"Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында "қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ" деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқанын атап өтіп, осындай қиын-қыстау кезде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан Президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр.

"Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқатар жоба қолға алынды. Жалпы, сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтар орындалып жатыр", – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары