$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2024, 13:00
Саясат

"Президент болғалы бері маған қолдау көрсетіп келесіз". Садыр Жапаров Тоқаевқа не үшін алғыс айтты

Бүгін Ақордада Тоқаев пен Жапаров шағын құрамда келіссөздер өткізді

"Президент болғалы бері маған қолдау көрсетіп келесіз". Садыр Жапаров Тоқаевқа не үшін алғыс айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы лауазымына келгелі бері қырғыз-қазақ қарым-қатынасы болсын, халықаралық құрылымдарда болсын, маған қолдау көрсетіп келесіз. Бұл туралы бүгін Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға Қырғызстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Садыр Жапаров қырғыз делегациясына қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

«Қазақстан біздің ең жақын көршіміз.Сыртқы саясатымызда ерекше артықшылықтарға ие болған бауырлас мемлекет әрі негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Екі ел арасында ешқандай саяси, аймақтық қайшылық жоқ. Мемлекет басшысы лауазымына келгелі бері қырғыз-қазақ қарым-қатынасы болсын, халықаралық құрылымдарда болсын, маған қолдау көрсетіп келесіз. Біз бауырлас қазақ халқына су тасқыны салдарынан туындаған қиын кезде қолдан келген көмекті беруге дайынбыз. Екі елді ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, бауырластық, тату көршілік байланыстар, сондай-ақ ортақ мәдени, рухани және діни құндылықтар біріктіреді. Өзара ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі нығая беретініне сенімдімін», – деді Садыр Жапаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін былтыр Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналым 1.5 млрд долларға жеткенін хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары